Алматыдағы тұрғын үйде жарылыс болды, қаза тапқандар бар
Алматыда тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды. Жазатайым оқиға салдарынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға бүгін, 2 маусым күні сағат 13:55 шамасында болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, газ-ауа қоспасы жарылып, 1980 жылы салынған балшықтан жасалған үй қираған.
Үйінділерді тазарту кезінде 1949 жылы туған ер адамның мәйіті табылды.
Оқиғаның мән-жайын тергеу тобы анықтап жатыр.