Адам төзгісіз жағдайда өмір сүрген сегіз жасар «жабайы бала» табылды

Oinet.kz 02-06-2025 666

Ресейдің Краснодар қаласындағы Карасунская көшесіндегі үйдің терезесінен 8 жасар бала заттарды және қоқысты көлік үстіне лақтырған. Оны өткіншілер байқап қалған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Politico.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_10.jpg

Баланың жан айқайы мен әрекеттері оның көмек сұрап жатқанын аңғартқан. Оны көрген тұрғындар бірден полиция мен жедел жәрдем шақырған.

Үйге келген дәрігерлер мен полицейлер сұмдық көрініске тап болды: 8 жастағы арық, әлсіреген бала мен 45 жастағы анасы лас әрі қоқысқа толы пәтерде өмір сүріп жатқан. Әйел әлеуметтік қызметкерлерге өздері көшеге шықпайтынын және баланың үнемі балконда тұратынын айтқан. Бала мектепке бармаған, дәрігерге де көрсетілмеген. Ал оның әр қадамын бақылау үшін пәтер ішінде бейнебақылау камералары орнатылған.

21 мамырда полиция, қамқоршылық органдары мен дәрігерлер баланың жағдайын қайта тексеру үшін Карасунская көшесіндегі пәтерге тағы келген. Бұл жолы баланың анасы қатты қарсыласып, нәтижесінде Росгвардия күштері тартылған.

Баланы құтқарып, реабилитациялық орталыққа орналастырды. Анасы да қазір медициналық бақылауда.

Алматыдағы тұрғын үйде жарылыс болды, қаза тапқандар бар
Белгілі әртіс зорлау барысында алған жарақат салдарынан қаза тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу