11 жыл абақтыда отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты тың дерек шықты

Oinet.kz 03-06-2025 571

Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне байланысты жаңа дерек шықты, Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_18.jpg

Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті. Смадияровтың айтуынша, бұл іске байланысты одан арғы жұмыстарды Қазақстан Бас прокуратурасы жүргізеді.

«Қажетті жұмыстардың барлығы атқарылды. Енді бұл іспен әрі қарай Бас прокуратура айналысады, ақпарат алмасу солардың желісі бойынша жүзеге асады», – деді ол.

Журналистер Ақжарқын Тұрлыбаймен Қазақстан елшілігінің өкілдері кездескен-кездеспегенін де сұрады.

«Бұл – шетелдегі түрмелерде отырған біздің азаматтарды консулдың жыл сайын бару тәртібіне сәйкес жасалатын күнделікті жұмыс. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деп түсіндірді СІМ өкілі.

Бұған дейін Бас прокуратураға Ақжарқын Тұрлыбайдың жазасын Қазақстанда өтеуге ниетті екені туралы өтініш түскені хабарланған.

Сәуір айында Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялау туралы желідегі ақпарат тараған болатын. Алайда бұл мәліметті Бас прокуратура растаған жоқ.

«Тағы да өзгенің қателігінен бір қыршын көз жұмды»: Алматыда жас мұғалім мерт болды
«Өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткен»: Өскеменде ер адамды жабылып өтірген күдіктілер ұст
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу