«Өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткен»: Өскеменде ер адамды жабылып өтірген күдіктілер ұст
Өскемен қаласында ер адамға жабылып, сабап өлтірді деген күдікпен ұсталған бірнеше күдікті ұсталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Қазақпарат күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Белгілі болғандай, жігіттер арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Сол кезде бірнешеуі бір жігітке жабыла жөнелді. Оны ұрып өлтірген соң мәйітін Абай даңғылындағы аурухана маңына тастап кеткен.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, күдіктілер ұсталды.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді қолға түсірді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қазір қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген ақпаратта.