Эвересте қарлы боран соғып, 1000-ға жуық альпинист қар құрсауында қалды
Эвересттің шығыс баурайында соңғы жылдардағы ең күшті қарлы бораны соғып, Тибет жағындағы 4900 метрден жоғары биіктікте шамамен мыңға жуық адам қар құрсауында қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Алпенистердің шатырлары қарға көміліп, тіпті қирап қалған. Қытайдың мемлекеттік БАҚ-тың хабалауынша, көру мүмкіндігі бір метрден қашықтықтан да аз болған.
Бүгіннен бастап ол жақта ауқымды құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Іздеу жұмыстарына әзірге жергілікті құтқарушылар, тұрғындар мен гидтер қатысып жатыр.
Ауа райы қолайсызғынан көрші Непал тұрғындары да зардап шекті. Жұма күнінен бері қатты нөсер мен су тасқыны салдарынан кемінде 47 адам қаза тапқан.