Алматыда жасөспірімдер жетім қызға зорлық көрсеткен видеоны сатып, 45 мың теңге пайда көрген
БАҚ пен әлеуметтік желілерде Алматы облысында бірнеше адам жетім қызды "зорлап", видеоға түсіргені туралы ақпарат тараған болатын. Жағаұстатар жайтқа қатысты тағы бір дерек шықты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылында болған. Басылым дерегінше, бір топ оқушы 13 жастағы қызды шақырып, телефонға түсіріп алған, кейін бұл жазбаны Telegram арнаға сатып жіберген.
"Видео 21 қыркүйекте түсірілген. Оны бір Telegram арнаға сатып, 45 мың теңге алған. Басқа бейнематериалдар табылған жоқ", - деген мектептің ата-аналар комитетінің мүшесі Саида басылымға.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Сондықтан ресми ақпарат әзірге айтылмады.