Түркістан облысындағы 12 адамның қазасына қатысты ақпарат шықты

Oinet.kz 18-11-2025 43

Түркістан облысының Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт болған кезде екі отбасы болғаны анықталды. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желіде жазды. 

Screenshot_20.jpg

Зәкиева тоғыз баланың қазасына байланысты жазба жариялап, қайғылы оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

"Үйде екі отбасы, ата-аналар мен балалары бірге болған. Өрт шығып, соның салдарынан үйдің шатыры опырылып түскен", - деп жазды ол.

Оның айтуынша, өңірлік уәкіл психологиялық қолдау орталығының мамандарымен бірге оқиға орнына жолға шыққан.

Өрттен аман қалған үш адам қазір жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы олардың барлығының жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.

"Медициналық мекемелерге екі ересек пен бір бала жеткізілді. Үшеуі де реанимацияда, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты. Науқастарға интенсивті терапияның толық көлемі көрсетіліп, салалық мамандардың бақылауында", – деп хабарлады басқарма өкілдері.

Сонымен қатар облыстық медициналық ұйымдардан қосымша мамандар жұмылдырылып, қажетті дәрі-дәрмек пен психологиялық көмек толықтай қамтамасыз етілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.

Арыстағы мектепте 16 жұп егіз бен сыңар балалар оқиды
Армения премьер-министрі Пашинян Тоқаевтың шақыруымен Астанаға келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу