Астанада жоғалып кеткен 20 жастағы студент өлі табылды

Oinet.kz 18-11-2025 40

Астанада бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 20 жастағы студент өлі табылды. Бұл туралы QANAT еріктілер қозғалысы Instagram-парақшасында хабарлады.

Screenshot_23.jpg

Темірхан Темірлан Әділханұлы 2005 жылы туған, 11 қарашада жоғалып кеткен. Ол сағат 15:00 шамасында Жұмабаев даңғылы, 4 мекенжайында орналасқан Еуразиялық гуманитарлық институттан шыққан.

Белгілері: бойы 175 см, көзі қоңыр. Сол жақ бетінде және ерін үстінде меңдері бар. Үстінде: ақшыл түсті куртка, қара бас киім, қара джинсы, қара аяқкиім болған. Өзінде қою сұр реңкті шағын рюкзак және жеке куәлігі болған.

Президент Түркістан облысындағы өрттен адамдардың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
«Жоғары сыныптың оқушылары ұрған»: Талғар ауданында оқушы көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу