Бұрынғы әкім бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

Oinet.kz 27-11-2025 53

Абай облысында ауылдық округтің бұрынғы әкімі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды.

_gluster_2022_6_21_50353cd63e68dd63bd1289d0181a822b_original.77657.jpeg

Үржар ауданы прокуратурасы ауылдық округтің бұрынғы әкімі қоғамдық жұмыстарға бөлінген 500 мың теңгеден аса қаражатты жымқырғанын анықтаған.

Осылайша материалдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне жолданған.

Сот үкімімен бұрынғы әкім ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды. Ол мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды, оған қоса бұрынғы шенеунікке 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Үкім заңды күшіне енді. Мемлекетке келтірілген залал толық өтелді.

Алматыда қайырымдылық қорының басшысы жасөспірімге базарда қайыр сұратқан
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу