Украина Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді

Oinet.kz 01-12-2025 41

Украина Каспий құбыр желісі консорциумы (КТК) инфрақұрылымына жасалған соққыларға байланысты Қазақстанның алаңдаушылығына ресми түрде жауап берді. 

Screenshot_1.jpg

Украина сыртқы істер министрлігінің жарияланған мәлімдемесінде Украина тарапынан жасалған ешбір әрекет Қазақстанға немесе басқа да үшінші тараптарға бағытталмағаны айтылған.

"Украина Каспий құбыр желісі консорциумы инфрақұрылымына қатысты Қазақстан Республикасының алаңдаушылығын назарға алды. Украина тарапынан жасалған ешқандай әрекет Қазақстан Республикасына немесе басқа да үшінші елдерге қарсы бағытталмағанын ерекше атап өтеміз. Біздің барлық күш-жігеріміз Ресейдің кең ауқымды агрессиясын тойтаруға, өзін өзі қорғау құқығын жүзеге асыруға бағытталған. <…> Тағы да атап өткіміз келеді. Қара теңіз аймағында және оның шегінен тыс жерлерде тұрақсыздықтың басты себебі – Ресей агрессиясы", – делінген хабарламада.

Сонымен бірге Киев Қазақстан тарапынан бұған дейін Ресей Федерациясының Украинадағы бейбіт тұрғындарға, тұрғын үйлерге, азаматтық инфрақұрылымға және елдің энергетикалық жүйесіне, соның ішінде украин АЭС-тері қосалқы станцияларына жасаған соққыларын айыптайтын мәлімдемелердің болмағанына назар аудартты.

"Біз барлық тарапты агрессорды мемлекетіміз бен халқымызға қарсы қылмыстық соғысты мүмкіндігінше тез тоқтатуға мәжбүр етуге күш салуға шақырамыз. Сондай-ақ біз Қазақстан халқына деген тұрақты құрметімізді және өзара тарихи берік байланыстар деңгейіне сай Қазақстан Республикасымен достық әрі прагматикалық қатынастарды дамытуға бейілділігімізді растаймыз", – деп қосты Украинаның сыртқы істер министрлігі.

29 қарашада Астана уақытымен 06:06-да Новороссийск порты маңындағы Каспий құбыр желісі консорциумының теңіз инфрақұрылымына экипажсыз жүзу аппараттары шабуыл жасады. Осылайша, ВПУ-2 айлақ құрылғысы қатты зақымданды. Қазақстан экспорттық мұнай көлемін балама бағыттарға қайта бағыттады.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Новороссийск теңіз порты акваториясындағы халықаралық Каспий құбыр желісі консорциумының маңызды инфрақұрылымына жасалған кезекті мақсатты шабуылға байланысты өз наразылығын білдірді.

"Әлемдегі ахуал тұрақты емес, келешегі бұлыңғыр". Тоқаев нақты міндет жүктеді
Аида Балаева жаңа лауазымға тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу