ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ЫҚЫЛАС КӨРСЕТІЛДІ

Oinet.kz 30-12-2025 15

Screenshot_2.jpg

Мемлекеттік қызметшілердің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұжымы және Департамент жанынан құрылған Еріктілер кеңесі мүшелерінің кезекті іс-шарасы өткізілді.

Осы ретте, әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін, ынтымақтастыққа, өзара көмек пен қайырымдылыққа бағытталған еріктілер қозғалысының іс-шарасы Түркістан қаласы аумағында тазалық жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге арналды.

Бұл іс-шараның мақсаты суық ауа-райында киелі шаһардың көркеюіне, ағаш отырғызып, тазалықпен айналысып қоқыс, қар суларынан тазартуға үлесін қосып жүрген қызметкерлерге көңіл бөле отырып, оларға қоғамның ықыласын білдіру.

Өз кезегінде, осындай іс-шаралар Департамент пен Еріктілер кеңесінің мүшелері тарапынан тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу