Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Oinet.kz 29-12-2025 49

29 желтоқсанда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті. 

Screenshot_2.jpg

Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Әңгіме барысында тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, екі бауырлас елдің халқына бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу тілектерін білдірді.

"Не қылған сүмеңдеген жүріс": Депутат Нұрсұлтан Назарбаевқа елден шығуға тыйым салуды ұсынды

Сондай-ақ әңгімеде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, көршілестік, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарының жоғары деңгейде екені атап өтілген. Сонымен қатар барлық негізгі өзара әрекеттесу бағыттары бойынша ынтымақтастықтың тұрақты даму барысы ерекше талқыланған.

Тоқаев "ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу" туралы заңды мақұлдады
ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ЫҚЫЛАС КӨРСЕТІЛДІ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу