Атыраудағы ерлі-зайыптының өліміне күдіктіге іздеу жарияланды

Oinet.kz 09-01-2026

Атырау облысында қайын атасы мен қайын енесін өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевке бағдар жарияланды. Бұл ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында пайда болды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелген. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізеді.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. 6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр. Бұл дерек бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілер анықталғаны айтылды.

8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.

Сонымен қатар, Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Атырау облысында із-түссіз жоғалған отбасы: күдіктінің анасы мән-жайды айтты
Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалған болуы әбден мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу