Демалыста күн суытады

Oinet.kz 09-01-2026 72

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы 10, 11 және 12 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

ауа.jpg

Жауын-шашын күтіледі

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыстан келген циклонның әсерінен еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады.
10 қаңтарда Қазақстанның батыс аймақтарында, 11 қаңтарда солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде, ал 12 қаңтарда шығыс бөлігінде түнгі уақытта қар жауып, көктайғақ түсуі мүмкін.

Күндізгі мезгілде де жауын-шашын сақталады. Кей өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауады.

11 қаңтарда Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қалың қар жаууы ықтимал. Ал 10–12 қаңтар аралығында елдің оңтүстігінде, 12 қаңтарда оңтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Сонымен қатар республика аумағында тұман түсіп, желдің күшеюі мүмкін.

Ауа температурасы

11 қаңтарда еліміздің солтүстік және орталық өңірлерінде, 12 қаңтарда шығысында күндізгі ауа температурасы -3 пен +3 градус аралығында болады.


Қызылордада алаяқтық жасаған күдікті шетелде ұсталды
Шымкентте мұнай ұрлағандар ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу