Қызылордада алаяқтық жасаған күдікті шетелде ұсталды

Oinet.kz 09-01-2026 74

Ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан Республикасының азаматы шетелден елге қайтарылды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.


ала.jpg


 Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Ведомство мәліметінше, экстрадициялау жұмыстары ҚР Бас прокуратурасы, Интерполдың Ұлттық орталық бюросы және Сыртқы істер министрлігінің бірлесуімен жүргізілген. Нәтижесінде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған әйел Түркия Республикасынан Қазақстанға жеткізілді.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2024 жылы Қызылорда қаласында азаматтарға зергерлік бұйымдарды арзан бағамен алып беруге уәде етіп, олардың сеніміне кірген. Осы тәсіл арқылы ол жәбірленушілердің ақшасын заңсыз иемденген.

Аталған қылмыстың салдарынан 8 адам зардап шеккен. Келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі шамамен 130 миллион теңгені құрайды.

Қылмыстық әрекеттерден кейін күдікті Қазақстан аумағынан кетіп, оған халықаралық іздеу жарияланған. Жедел-іздестіру шаралары барысында ол Түркия аумағында ұсталған.

Қазіргі уақытта күдікті Қазақстанда тергеу изоляторына қамалып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Сарбаздың өліміне кінәлі кім?
Демалыста күн суытады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу