СҚО-да тұрғын үйден өрт шығып, екі адам мерт болды
СҚО-да жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, екі адам мерт болды. Бір баланы іздеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

11 қаңтарда кешкі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Майбалық ауылында орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шықты.
Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде үйдің толықтай жанып, қирағанын көрді.
Өртті сөндіру және үйінділерді тазалау барысында бір ер адам мен баланың мәйіті табылды. Қазіргі уақытта екінші баланы іздеу жұмыстары жүргізілуде.


