АҚШ-тың негізгі нысанасы - Қытай

Oinet.kz 14-01-2026 55

Венесуэла президенті Мадуроны АҚШ-тың арнайы жасағаның тұтқындап алып кетуі  Қытаймен тығыз сауда жасайтын мемлекеттерге, оның ішінде Орталық Азияға аса маңызды ескерту болуы мүмкін. Себебі...

1761827052156904_nKgLOZfA.jpg

Ресейлік сарапшылардың пікірінше, АҚШ өз әрекетін ресми түрде есірткі трафигімен күрес немесе ядролық бағдарламаны тоқтату деген уәждермен бүркемелеуде. Алайда шын мәнінде бұл мүлде басқа сипаттағы соғыс. Оның негізгі нысанасы – Қытай.

Бейжің жылдар бойы жаһандық жабдықтау жүйесін біртіндеп қалыптастырды: құбыр желілері, танкерлер, теміржолдар мен порттар салынды. «Бір белдеу – бір жол» бастамасы халықтар достығы үшін емес, қытай тауарларының Батысқа, ал мұнай мен газдың Шығысқа үздіксіз әрі Вашингтонның рұқсатынсыз жетуі үшін ойластырылған.

Венесуэлада әлемдегі ең ірі мұнай қоры бар. Ол Сауд Арабиясынан да көп. Осы мұнайдың 80 пайызы Қытайға жөнелтіліп келген. Бейжің Венесуэлаға 60 миллиард доллардан астам қаржы құйды. Бұл саяси жанашырлықтан емес, нақты жеткізілімдерге айырбас ретінде жасалды.

Бүгінде америкалық әскери кемелер Кариб теңізінде венесуэлалық танкерлерді тікелей ұстап отыр. Дональд Трамп Венесуэла мұнайы енді Қытайға жетпейтінін ашық мәлімдеді.

Қазір жаһандық сауда екі жүйеге бөлініп барады: америкалық және қытайлық. Әр тарап қарсыласының тынысын тарылтуға тырысуда. АҚШ Венесуэламен шектелмейді. Трамп Кубаға, Панамаға, Мексикаға қоқан-лоқы көрсетіп отыр. Ал Қытай жауап ретінде айналма бағыттар салып жатыр: Орталық Азия арқылы өтетін жаңа теміржолдар, Пәкістандағы порттар, Ресейден тартылатын құбырлар. Бұл әлдеқайда қымбат әрі ұзақ жоба, бірақ Бейжің америкалық бақылауға тәуелді болмау үшін кез-келген шығынға баруға даяр.

Осы жаңа геосаяси жүйеде газға бай Түрікменстан тәуекел аймағына түсіп отыр. Түрікмен газын тұрақты түрде сатып алатын негізгі әрі дерлік жалғыз тұтынушы – Қытай. Бұл жағдай Трампқа ұнамайтыны анық. Вашингтонның Түрікменстанға енуге, мұнда өз ықпалын орнықтыруға бағытталған әрекеттері барған сайын айқындала түсуде. Әзірге америкалықтар сөзбен, астарлы ишаралармен ғана шектеліп отыр.

УЛЫ ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу