Тоқаев Қарулы күштері бас штабының бастығын ауыстырды
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрлігінде кадрлық өзгерістер жүргізді.
Мемлекет басшысының жарлығымен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы күштері бас штабының бастығы қызметіне тағайындалды. Ол қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.
Ал Сұлтан Бүркітбайұлы Камалетдинов Қазақстан Қарулы күштері бас штабының бастығы қызметінен босатылды.



