Ұлттық экономика министрі елде жалақының көтерілмеу себебін түсіндірді

Oinet.kz 20-01-2026 46

Ұлттық экономика министрі, вице-премьер Серік Жұманғарин V Ұлттық құрылтай сессиясынан кейін елде жалақының көтерілмеу себебін атады. Бұл туралы Oinet.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Screenshot_9.jpg

Жұманғариннің сөзінше, көбі жалақының көтерілмеу себебі инфляция екенін айтады. Дегенмен елде инфляция бұдан да жоғары болған кезеңде жалақының айтарлықтай жоғары деңгейге жеткен кездер болғанын тілге тиек етті.

"Соңғы үш тоқсанның қорытындысы бойынша табыс деңгейі 2,4% төмендеген. Мойындау керек, мұндағы басты фактор жалақы болып отыр. Мемлекеттік сектор – білім беру, денсаулық сақтау мен мәдениет саласында жалақыны өсірген жоқпыз. Алдағы уақытта жалақыны көтеріміз. Ал жекеменшік секторда кәсіпорында табысқа жұмыс істеп кетті, себебі нарықта бәсеке жоғары. Мыңдаған адам жұмыс істейтін осындай мекемелерде жалақыны көтеру мүмкін болмады. Ал жалақы өсуі үшін не істеу керек? Табысы жоғары кәсіпорындар ашу керек. Шикізатқа байланысты кәсіпорындарда жалақыны өсіре алмайды, өйткені қосылған құн салығы төмен. Біз екі жылдан бері осы мәселемен шұғылданып келеміз", – деді Жұманғарин.

Жылу батареясында таяқ жеген баланың әкесі оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Ұлттық құрылтайда БАҚ өкілдерінің кәсіби қызметін қорғайтын заңға өзгеріс енгізу мәселесі қозғалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу