Тоқаев дүйім жұрттың көзінше Нәлібаевты мақтады
Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған облыстың әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың жұмысына баға берді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

«Өңірдің жағдайы жақсы екенін сеніммен айтуға болады. Бұл – облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді әрі мақсатты жұмысының нәтижесі», – деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, дәл қазір Қызылорда қаласында мемлекеттік қызметкерлердің, зиялы қауым өкілдерінің, қоғам белсенділерінің, тілшілердің қатысуымен құрылтой өтіп жатыр.


