Франция президенті Макрон Тоқаевқа қоңырау шалды

Oinet.kz 18-03-2026

Француз тарапының бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті. 

Screenshot_2.jpg

Әңгімелесу барысында Франция президенті Тоқаевты жаңа Конституцияға арналған жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады. Ол аталған уақиғаның тарихи маңызын, сондай-ақ елді одан әрі жаңғырту жолындағы қарышты қадам екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентінің қолдауы және референдум нәтижесіне жоғары баға бергені үшін алғыс айтты.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастық және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында алдағы уақытта кездесуге уағдаласты.

Атырау облысында бір отбасыны өлтірді деген күдіктіге тағы бір бап бойынша айып тағылды
Еліміздің бас педагогі ұстаздарға жақсы жаңалықты жеткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу