Алматыда жедел жәрдем қызметкерлерін үйіне қамап, қорқытып, пышақпен қуған ер адам ұсталды

Oinet.kz 30-03-2026

Алматыда жедел жәрдем шақырған қызметкерлеріне қатысты агрессия көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.png

Полицияның мәліметінше, оқиға Жетісу ауданында болған. Шақырту бойынша келген жедел медициналық көмек бригадасын науқастың мас күйдегі ұлы қарсы алып, өзін агрессивті ұстаған. Ол дәрігерлерді пәтерде қамап, қорқытып, айналадағыларға қауіп төндіретін заттарды көрсеткен.

Медициналық қызметкерлер оқиға орнынан әрең шығып үлгерген. Алайда ер адам оларды пышақпен қуып, қудалауын жалғастырған.

Аталған факті бойынша Алматының Жетісу ауданы полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-3-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Құқық бұзушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Полиция өкілдері қызметтік міндетін атқарып жүрген жедел қызмет мамандарына қатысты кез келген агрессия мен қорқыту әрекеттері заңмен қудаланатынын ескертті.

Қызылордада жантүршігерлік жол апатынан 6 баланың әкесі мерт болды, туыстары әділдік сұрайды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу