Баянсұлу өзін айыптаған композиторға қатысты ащы шындықты жайып салды
Әнші Баянсұлу өзін айыптаған композитор Қуат Әбіловке жауап берді. Ол композитордың өзіне жала жауып жатқанын айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Әнші Баянсұлу өзінің желідегі парақшасында "ағалары тыныштық бермегенін" айтты.
"Қуат Әбілов бүгін маған жолдаған бейнежазбасында жалған ақпараттар тараған. Ол жаба жабу болып табылады. Мен әндердің төлемін жасаудан ешқашан бас тартқан емеспін. Келісілген бағадан 3 есе ұлғайып кетуіне байланысты менің қалтам ол ақшаны көтере алмады. Кеше біз Қуат Әбіловпен белгілі бір сомаға келісіп, қол алысып кеткен едік. Бірақ ол көп ұзамай ойынан айнып қалғанын, әндерді барлық жерден өшіретінін айтты. Мен бұған дейін Қуат Әбіловтың Ұмытсам деген әнін сатып алған едім. Менің қателігім мен бұл әнді сатып алғанда келісімшарт жасаған жоқ едім, бірақ чектер бар. Сол ән кейін хит болған соң Қуат Әбілов продюсерім екеумізді студияға шақырады. Сонда продюсерім Әлішер Бурханов Қуат Әбіловпен өзара келіскен еді. Ол бюджеттің аздығына байланысты кейін арнайы сыйлықтар беріп тұратын болды, - деп айтты Баянсұлу.
Әрмен қарай Баянсұлу продюсердің жұмысына араласа алмағанын айтты. Бірақ ол продюсермен келісімшартты тоқтатқан соң, осы дау басталғанын айтты. Мұнда продюсердің қатысы бар екенін меңзеді.


