Соңғы 10 жыл – апаттың басы ма?: Ғалымдар мұхиттар деңгейінің көтеріліп жатқанын айтып дабыл қақты

Oinet.kz 31-03-2026

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) жариялаған соңғы баяндамаға сәйкес, Жер шарының климаты бүгінде бақылау тарихындағы ең тұрақсыз әрі қауіпті кезеңдердің біріне жеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_4.png

Ұйым деректеріне сүйенсек, 2015–2025 жылдар аралығы адамзат тарихындағы ең ыстық кезеңдердің бірі ретінде тіркелген. Мәселен, өткен жылы әлемдік орташа температура индустрияға дейінгі дәуірмен салыстырғанда шамамен 1,43°C-қа жоғары болған.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерриш қазіргі жағдайдың күрделілігін атап өтті:

– Жердегі климат қазір қауіпті деңгейге жетті. Бұл тұрғыда барлық маңызды көрсеткіштер жағдайдың нашарлап бара жатқанын көрсетіп отыр. Әсіресе, соңғы он бір жылда жер бетінде шамадан тыс температура артқан. Бұл жай кездейсоқтық емес,нақты әрекет ету керек деген белгі, — деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Ғалымдардың айтуынша, мұхиттар жаһандық жылынуды бәсеңдетуде маңызды рөл атқарады. Соңғы жиырма жылда олар артық жылудың 90 пайыздан астамын сіңіріп, Жердің шамадан тыс қызуын тежеп келді. Алайда 2025 жылы мұхиттағы жылу деңгейі рекордтық көрсеткішке жетіп, жылыну қарқыны бұрынғыдан екі есеге жуық артқан.

Соның салдарынан мұздықтар жылдам еріп, теңіз деңгейі 1993 жылдан бері шамамен 11 сантиметрге көтерілген. Мамандардың пікірінше, бұл үрдіс тіпті парниктік газдар азайған күннің өзінде жүздеген жылдарға созылуы мүмкін.

Соңғы жылдары табиғи апаттардың саны көбейіп, зардабы күшейе түсті. 2025 жылы аптап ыстық, орман өрттері, дауылдар мен су тасқындары мыңдаған адамның өмірін жалмады.

Бұдан бөлек, климаттың өзгеруі адам денсаулығына да кері әсер етіп отыр: жұқпалы аурулар жаңа аймақтарға таралуда. Ал температураның көтерілуі еңбек жағдайын қиындатып, әсіресе ауыл шаруашылығы мен құрылыс салаларында жұмыс өнімділігінің төмендеуіне әкелген.

Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанның отбасында қаралы жағдай орын алды.
«Қазақтың тойы бітпесін деген – ең жаман сөз»: Омар Жәлел той жасай беретіндерді сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу