ҚМДБ Наурыз мерекесін тойлауға қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Наурыз мерекесін тойлауға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Бас мүфтидің кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы діни басқарманың ұстанымын түсіндірді. Басқарма өкілі дәстүрлер дінге қайшы емес екенін атап өтті.
“Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Наурыз мерекесін тойлауға рұқсат береді. Өйткені бұл жерде дінге қайшы келетін ешқандай элемент жоқ. Мұны теріске шығаратын кейбір азаматтардың айтқан сөздері мен әрекеттері біздің ұстанымымызды білдермейді. Біз оларды құтпамаймыз. Бірқатар сәләфилік, уахабилік, тақфирлік бағаттығы ағым өкілдері өздерінің біржақты насихаттарын айту барысында діннің атынан сөйлегендей әсер қалдырып жатады. Бұл теріс насихаттарға қарсы ҚМДБ ұдайы оларға қарсы жұмыс жасап, алдын алу және сондай ағымдардың жетегінде кеткендерді оңалту жұмыстарымен айналысып келеді”, – деді Смайыл Сүйерқұлұлы.
Айта кетейік, 27 наурыз күні Алматы облысында "Наурыз мұсылмандардың мейрамы емес" деп видео түсірген ер адам ұсталған еді. Ер адамға қатысты діни алауыздықты қоздыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Харамы жоқ, сіздер қош көретін елге қоныс аударып кетіңдер": Депутат Ермұрат Бапи дүмше діндарларға қылмыстық жауапкершілік сұрады
Еске салсақ, бұған дейін ҚМДБ әйелін шәкіртіне “сыйлағанын” айтып, сұхбат берген уағызшы Құрбанәлі Ахметке қатысты да мәлімдеме жасаған еді. Басқарма Құрбанәлі Ахметтің діни басқармасының құрылымында қызмет етпейтінін, діни басқармамен ешқандай қызметтік немесе ресми байланысы жоқ екенін мәлімдеді.
“Осыған байланысты оның тарапынан айтылған пікірлер, жеке көзқарастар мен мәлімдемелер ҚМДБ-ның ресми ұстанымы болып табылмайтынын хабарлаймыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дінге қатысты мәселелерде тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады”, – делінген хабарламада.


