"Мемлекетке масыл болғым келмейді": Экс-әкім сотта соңғы сөзін айтты

Oinet.kz 03-04-2026

Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. 

Screenshot_1.jpg

Бүгін, 3 сәуірде айыпталушы соңғы сөзін айтты. Жақсылық Омар өзіне бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындауды сұрап, айыппұл салуды өтінді.

Еске салайық, 31 наурызда өткен сот жарыссөздері барысында мемлекеттік айыптаушы Жақсылық Омарды 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Ол ірі көлемде алаяқтық және пара алу деректері бойынша айыпталуда.

“Маған бәрін ой елегінен өткізуге жеткілікті уақыт болды. Ең қиыны – ештеңені кері қайтара алмайтыныңды түсіну. Мен мемлекетке масыл болғым келмейді, керісінше, өз үлесімді қосқым келеді. Қарызға батсам да, айыппұлды төлеймін. Түсіністік танытасыздар деп үміттенемін”, – деді Жақсылық Омар соттағы соңғы сөзінде.

Осыдан кейін судья үкім шығарылғанға дейін үзіліс жариялады.

ҚМДБ Наурыз мерекесін тойлауға қатысты мәлімдеме жасады
Жамбыл облысындағы сарбаздың өліміне байланысты рота командиріне айып тағылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу