Жамбыл облысындағы сарбаздың өліміне байланысты рота командиріне айып тағылды
27 қаңтарда сарбаз Е. Рустемұлының қаза болуына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды.

Тергеу барысында Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің рота командирі қызметіне салғырт қарағаны анықталған. Атап айтқанда, ол жеке құрамның қызметін және қару қолдану тәртібін тиісті деңгейде бақыламаған. Сондай-ақ қаза болған сарбаздың қызметтестеріне қатысты билік өкілеттігін асыра пайдалану деректері тіркелген.
Жиналған дәлелдер негізінде қылмыстық іс сотқа жолданды.
Айта кетейік, сарбаз өліміне қатысты өзге де мән-жайлар бойынша тергеу жалғасып жатыр. Іс Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауында.


