«Желкеммен жерге соғылдым»: Хоккейшіден жәбір көргенін айтқан қыз егжей-тегжейін баяндады

Oinet.kz 06-04-2026

19 жастағы Балайым Төкен Көкшетаудағы «Арлан» клубының хоккейшісі тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_1.png

Оның айтуынша, олар қарым-қатынаста болған. Оқиға 11-інен 12 наурызға қараған түні спорттық жатақханада болған.

Жәбірленуші тілшімен әңгімесінде кешкісін асүйде басқалармен бірге отырғандарын айтады. Кейін оларға жігіті қосылып, артынан оны бөлмеге шақырған.

Алғашында қыз барғысы келмегенімен, кейін келісім берген.

«Ол мені бөлмеге шақырды. Алғашында “Білмеймін, көрерміз” деп жауап бердім, бірақ кейін сеніп, бардым», – дейді ол.

Оның айтуынша, жанжал жігітінің телефонынан басқа қызбен жазысқанын көргеннен кейін басталған. Қыз кетіп қалмақ болған кезде, бұл жігіттің ашуына тиген.

«Мен кетпек болғанда – ол ашуға булықты. Мені ұстап алып, қайтадан төсекке лақтырып жіберді, үстіме отырып алды, жақ сүйегімді қысып, мойнымды қатты қысты – айқайлай алмадым. Көмек шақыра алмадым», – дейді ол.

Қыздың сөзінше, ол тоқтатуын өтінгеніне қарамастан, күш көрсетуін жалғастыра берген.

«Мен “Жіберші, ауырып жатыр” деп бірнеше рет айттым. Бірақ оған бәрібір болды. Қолымнан ұстап, сілкілей бастады. Тұншықтырып, айқайлауға мүмкіндік бермеді», – дейді Балайым.

Оның айтуынша, әрең босанып шыққанымен, жағдай мұнымен бітпеген.

«Ол мені итеріп жіберді. Мен құлап, желкеммен жерге қатты соғылдым», – деп қосты ол.

Қыз сондай-ақ бұған дейін қарым-қатынаста мұндай жағдай болмағанын айтады:

«Ол эмоцияға берілгенде қолымнан ұстап, сілкілейтін, бірақ тұншықтыру немесе ұру бұрын болмаған».

Оқиғадан кейін ол полицияға жүгінген. Айтуынша, бастапқыда іс қозғалғанымен, кейін оның жәбірленуші деп танылғанына қарамастан, іс тоқтатылған.

«Мені жәбірленуші деп таныды, бірақ денсаулыққа қасақана зиян келтіру дәлелденбеді деп істі жапты», – дейді ол.

Кейін қыз прокуратураға жүгінгеннен соң іс қайта қарала бастаған.

«26 наурызда арыз жаздым. Іс қайта қозғалды», – деді ол.

Оқиға жария болғаннан кейін учаскелік инспектор қызбен байланысқа шығып, тергеу жүріп жатқанын растаған. Сондай-ақ, оның айтуынша, сот процесі онлайн форматта өтуі үшін өтініш жазуы қажет екені айтылған.

Ал учаскелік инспектордың сөзінше, жігіт қызбен байланысқа шығуға тырыспаған, себебі ол оны бұғаттап тастаған. Алайда Балайымның айтуынша, керісінше, алдымен жігіт пен оның әпкесі өзін бұғаттаған


Қаржылық тұрақтылыққа апарар жол: білім мен жүйелі даму
Рухани жаңғыру: Тәпсір мен ғылым тоғысқан кеш
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу