Кремль Тоқаевтың Украинадағы қақтығысты тоқтату ұсынысына жауап берді

Oinet.kz 26-07-2026

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Украинадағы қақтығысты тоқтату туралы ұсынысына жауап берді. 

Screenshot_3.jpg

Песковтың айтуынша, Владимир Путин Омбыдағы кездесу барысында Тоқаевқа әскери іс-қимылдардың барысы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берген. Сонымен қатар Кремль өкілі қазіргі уақытта қақтығысты тоқтату мүмкін емес екенін, оған Киевтің ұстанымы себеп екенін айтты.

"Әскери әрекеттерді тоқтатудың шарттары түсінікті. Егер Киев тиісті шешімдер қабылдаса, барлығы тәулік соңына дейін тоқтауы мүмкін", – деді Песков.

Ол сондай-ақ Ресей тарапынан әскери әрекеттерді тоқтатудың басты шарты туралы сұраққа жауап берді.

"Басты шарт – өз мақсаттарына жету", – деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынған еді. Ол жасалған барлық ұсыныстар мен шақыруларға қарамастан, мен делдал болудан үзілді-кесілді бас тартатынын мәлімдеді.

Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды
Түркістан облысында ер адам анасын өлтірді деген күдікке ілінді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу