«Alibaba Group» интернет-корпорациясының негізін қалаушы #Абай175 эстафетасына қатысты

Oinet.kz 03-09-2019 1044

Screenshot_4.jpg

 «Alibaba Group» интернет-корпорациясының негізін қалаушы қытайлық миллиардер #Абай175 эстафетасына қатысып, өлеңін оқыды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

 Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышевтан қабылдаған челленджді қытайлық үздік кәсіпкер Джек Ма Абай Құнанбаевтың «Сағаттың шықылдағы емес ермек» өлеңін қытай тілінде оқып, эстафетаны қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге жолдады.   

  Бұл ауқымды челлендж бастауына 9 жасар Ләйлім-Шырақ себепші болған еді. кішкентай ғана мектеп оқушысы Абай өлеңдерін оқып, эстафетаны жалғастыруды  елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдады. 

 Мемлекет басшысы эстефетаны қабылдап, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдайды. 

 Осылайша, бұл челлендж көптеген танымал тұлғалар, билік өкілдері, эстрада жұлдыздары, кәсіпкерлер және жастар арасында  орындалды. 

Үсік болып, жаңбыр аралас қар жауып өтуі мүмкін
Қазіргі қаракөздер қалтаңдағы қаражатыңа, қызметіңе қарап қадам жасайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу