Қазақстанда депозиттер бойынша мөлшерлемер көбейді

Картинки по запросу деньги казахстана

Қазақстанда депозиттер бойынша мөлшерлемер көтерілді, деп хабарлайды Oinet.kz Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына сілтеме жасай отырып.  

Сыйақының шекті мөлшерлемелерін есептеудің жаңа әдістемесіне сәйкес, мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлеме Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейтін базалық мөлшерлемеге байланысты болады. Кеше, 9 қыркүйек, Ұлттық Банк базалық мөлшерлеменің 9 пайыздан 9,25 пайызға дейін көтерілгенін жариялады.

ҚДКБҚ базалық мөлшерлеменің артуынан кейін мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемені 9,5 пайыздан 9,8 пайызға дейін арттырады.

Өзгерістер бүгін, 10 қыркүйекте күшіне енеді, бірақ екінші деңгейдегі банктер депозиттер бойынша қолданыстағы мөлшерлемелерді бұрынғы деңгейде сақтауға немесе оларды кейінірек арттыруға құқылы.

Ұлттық Банктің бұл шешімі жаңадан тартылатын үш ай мерзімді салымдарға да қатысты болады.

Алты ай мерзімді салымдар және барлық жинақ салымдар бойынша ең жоғары ұсынылатын мөлшерлемелер өзгермейді, өйткені базалық мөлшерлеменің қозғалысына байланысты емес. Осы салымдар бойынша шекті мөлшерлеменің келесі өзгерісі қыркүйек-қазан айларында болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ақтөбеде орын алған жол апатынан 6 адам қаза болды
  • Алматыда автокөлік жаяу жүргіншілер жолында екі студент қызды қағып өлтірді
  • Нұр-Сұлтанда үкіметтен үй сұраған жігіт, өз-өзіне қол жұмсамақ болды
  • Шамалғанда көпір 2020 жылы салынатын болды
  • Жанар Хамитова дүниеден озды
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика