Танымал әзілкеш Нұрболхан Шараповтың үйлену тойына 500-ге жуық қонақ келді

Oinet.kz 10-09-2019 1273


image.png

Халыққа жайдарман арқылы танылған Нұрболхан Шарапов күні кеше өзінің үйлену тойын Тараздағы мейрамханалардың бірінде дүркіретіп жасады. Жас жұбайлардың қуанышына 500-ге жуық қонақ келген, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі. 

Тойдың барысын Instagram желісі арқылы қарадық. Құттықтап келгендердің қатарында эстрада жұлдыздары да біршама. Олар Нұрлан Еспанов, Серік Ибрагимов, Нұрболат Абдуллин, Маржан Арапбаева, Дастан Оразбеков, Жолдасбек Абдиханов. Балғынбек Имашев, "Өнер қырандары" мен "Базар жоқ" театрларының актерлары да арнайы келген.

image.png

Сондай-ақ, жайдарман сүйер қауымға танымал бір топ әзілкештер де Нұрболханның қуанышында бой көрсеткен.

Олардың арасында Арман Жаналиев, Ғалым Маханбетов, Елдос "Калабок", Хамит Ердехан, Құттыбай Сағындықов, Жандос Самалбеков болды.

Нұрболхан Шарапов желідегі парақшасында қуанышын бөліскен барша қонақтарға алғыс айтуды ұмытпады.

"Свадьба года прошла на ура! Әуелi Аллаһқа шүкiр, жоғары деңгейде өтуiн нәсiп еткен. Ата-анама рахмет, қолдауын аямаған. Барша бауырларыма рахмет, қуанышыммен бөлiскен. Барлық достарыма рахмет, тойымды көтерiп тастаған. Биылғы жыл кәдiмгiдей бiр берекелi жыл болды мен үшiн", - деді әзілкеш.


Қазақстанда депозиттер бойынша мөлшерлемер көбейді
Абыройы артқан полицейлер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу