Абыройы артқан полицейлер

Oinet.kz 10-09-2019 942

Screenshot_8.jpg

Ағымдағы жылдың 24-маусымында Арыс қаласында әскери бөлімшенің қару-жарақ сақталатын қоймасы жарылып, жергілікті жұртшылықты біраз әбігерге салғаны белгілі. Ел басына күн туған сәтте, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әрі асқан табандылықпен орындай отырып, кәсіби шеберлігін көрсете білген Түркістан облысының бірнеше полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен үлкен дәрежелі марапаттарға ие болды. Арыс қаласының тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіріп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың мүліктерін сақтауда өзіне берілген тапсырманы жоғары деңгейде ұйымдастыра білген тәртіп сақшылары төмендегідей марапаттарды иегері атанды; Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Сейдуалиев Абдіғани Тойшыұлы II дәрежелі «Айбын» орденімен иеленіп, абыройы асты. Оған қоса, Президенттің қолынан Арыс АПБ бастығы полиция полковнигі Исабеков Нұрлан Амангелдіұлымен, осы ауданның полиция бөлімінің полиция капитаны Еркебаев Нұрмаханбет, полиция капитаны Асанбаев Марс, полиция капитаны Набиалиев Нұрсұлтан, полиция майоры Рысбеков Тулеген, полиция аға лейтенанты Төретайұлы Дәулет, полиция аға сержанты Таттыбеков Жақсылық «Ерлігі үшін» медалін алып, алғысқа бөленді.

Антына адал болып, еңбегі еленген қызметкерлерді ТО ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков арнайы құттықтап, сый-сияпат жасады. «Әрқашанда, осындай батыл да батыр болыңдар. Сендер халықтың қауіпсіздігін, қоғамдық тыныштығын сақтауда аянбадыңдар, міндеттеріңді мінсіз атқардыңдар. Ең бастысы мақтауға лайықты жұмыс жасадыңдар. Мен өз атымнан алғыс білдіре отырып, жұмыстарыңа сәттілік, отбасыларыңа амандық тілеймін»,-деген Қайрат Дәлбеков, Президенттің қолынан марапат алған қызметкерлеріне жүрекжарды лебізін білдірді.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Танымал әзілкеш Нұрболхан Шараповтың үйлену тойына 500-ге жуық қонақ келді
Полицейские Туркестанской области провели встречу с населением Сарыагашского района
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу