Сот төрағасы сотталды
22-04-2025
Атырау көлік прокуратурасы бір жылдан астам уақыт бойы дизельдік отын мен мазутты сатумен айналысып келген «ЮконСтройИнвест» ЖШС директорының заңсыз әрекетін анықтаған. Нәтижесінде кіналі 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Прокуратураның тексерісі кезінде 2017-2018 жылдар аралығында аталған серіктестіктің басшысы жанар-жағармай өнімдерін құжатсыз сатып келгені анықталды. Оның басым бөлігі Қарағанды және Ақтөбе қалаларына транспорт арқылы жіберіліп отырған», - деп мәлімдеді қадағалаушы орган.
Бұл заңсыз саудадан сотталушы 2,9 млрд теңгеден астам табыс тапқан.
2019 жылдың 17 шілдесінде Жылыой аудандық соты үкімімен айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Осы жылдың 10 қыркүйегінде аппеляциялық алқаның қайта қарау қаулысынан кейін сот үкімі өзгеріссіз қалды. Сот актісі қазіргі таңда күшіне енген.