Жолаушылар автобусынан граната табылды

Oinet.kz 19-09-2019 806

Ақтөбеде жолаушылар автобусынан граната табылды

Сурет inform.kz сайтынан алынды

«Орынбор – Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар автобусынан граната табылды, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Жолаушылар көлігін тексеру барысында қызметтік иттің және техникалық құралдардың көмегімен артқы орындықтардың астынан 1 дана граната тауып алды. Оқиға орнына тиісті мамандар шақырылып, жарылғыш зат қауіпсіздендірілді. Шекарашылар қауіпті заттың иесін анықтап, ұстады. Ол осы автобуспен келе жатқан, 1984 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы болып шықты», - дейді ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

300 мың теңгенің ақысына 12 млн теңге айыппұл
Білім министрі мұғалімдер үшін жаңа мемлекеттік сыйлық тағайындайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу