300 мың теңгенің ақысына 12 млн теңге айыппұл

Oinet.kz 19-09-2019 886

Screenshot_5.jpg

Қызылордадағы ормандар және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесінің басшысы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агентігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қызылорда ормандар және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесінің» басшысы Смағұловқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол пара алды деп күдіктелген. 

«Ол мемлекеттік мекеменің жұмысшысынан жұмысқа орналастырғаны және қорғаушылық жасағаны үшін 300 мың теңге паоа алды деп күдіктелді. 17 қыркүйекте Қызылорданың №2 сотының үкімімен Смағұловқа 12 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды», - делінеді хабарламада.

Сонымен қатар Смағұлов мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды.

«Дети солнца». Елімізде ерекше жаратылған балалар туралы кинокартинаның тұсауы кесілді
Жолаушылар автобусынан граната табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу