Білім және ғылым министрі пара алып жатқан жерінде ұсталды

Oinet.kz 29-09-2022 3794

Қырғызстанның білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев аса ірі көлемде пара бопсалады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды 24.kg сайты.

Screenshot_1.jpg

Басылым мәліметінше, Алмазбек Бейшенәлиев ақша алып жатқан жерінен ұсталған.

"Аса ірі көлемде - 110 мың доллар (52,5 миллион теңгеден аса) пара алу дерегі тергеліп жатыр. Шенеунік шетелдік студенттерді отандық жоғары оқу орындарына қабылдау үшін ақша талап еткен. Толық мәлімет тергеу нәтижелері бойынша беріледі", - делінген хабарламада.

Пәтерден заңсыз қудалау - қазақстандықтар сотта жеңе алады
Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 86 мектеп салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу