«Сапта дұрыс жүрмей, мазақ болғандар әскерилер емес» – Түркістан облысының әкімдігі

Oinet.kz 19-05-2021 1090

Әлеуметтік желіде стадионда ту алып жүрген әскерилердің видеосы көп таралуда. Бұл келеңсіздік көпшіліктің күлкісін келтірсе, әскери өмірді көрген жандардың ашуын туғызған, деп ақталуға тырысып жатыр Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

әскери.jpg

"Turkistan Zaman" ақпараттық агенттігі болған жайттың мән-жайын анықтау мақсатында ұйымдастырушылардың баспасөз қызметіне хабарласқан болатын.

- ҚР XI жазғы универсиадасының ресми ашылу салтанаты Түркістан қаласындағы Түркістан Арена стадионынында өткізілген болатын", деп хабарлайды Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған шарада ҚР Мемлекеттік Туын алып жүрген тұлғалар кәсіби әскери қызметкер емес, студенттер екен. Сондай-ақ саптық адыммен жүру кезінде қатты желдің салдарынан "әскери парадтың" жүрісі біркелкі болмаған.

Атап өтейік, Түркістан қаласында соңғы 3-4 тәулік қатты жел соғып тұр. Сценарий бойынша ұзақтығы 150 метрдей саптық жүру кезінде, желдің өте қатты тұруына байланысты студенттер әскери жүрістің тәртібін бұзуға мәжбүр болған.

Ал ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қатысы жоқ адамдарға арнайы белгілері бар әскери нысанды киімді киюге қолданыстағы заңнамада жол берілмейтінін атап өтті.

Назарбаев 19 мамырда Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізеді
Заманбек Нұрқаділовтың немересі Нұрбибі "келіншегі" Тоғжанмен ажырасып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу