Табысы төмен отбасыларға қолдау көрсететін жаңа жоба іске қосылды

Oinet.kz 19-09-2019 889

Картинки по запросу помощь нуждающимся

Елімізде аз қамтылған отбасылардың жағдайын жақсарту мақсатында «Менің кәсібім» атты жаңа жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстанның барлық өңірлерінде аз қамтылған, көп балалы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және олардың өз ісін ашуына қолдау көрсетуге бағытталған «Менің кәсібім» атты жоба іске қосылады. Бұл жобаны жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен оның авторы Айжан Нұрланова жүзеге асырады. Жалпы үйлестіруді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізеді», - делінген Еңбек министрлігі таратқан ақпаратта. 

Сондай-ақ, жоба авторы мұқтаж азаматтарға қажетті мүкәммал, құрал-жабдықтар мен материалдарды ұсыну арқылы үй бизнесін жүргізуге көмек көрсетеді. 

Жоспар бойынша, 20 қыркүйекте Алматы әкімдігі мен «Менің кәсібім» жобасының авторы Айжани Нұрланова арасында алғашқы тиісті меморандумға қол қою жоспарланған. Алдағы уақытта осындай меморандумдар барлық облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың әкімдіктерімен жасалады.

«Менің кәсібім» атты жаңа жобаны Айжани Нұрланова ілкі режімде Маңғыстау облысында сәтті жүзеге асырды. Аталған өңірде 250-ге жуық адам жеке кәсіпкерлік жүргізудің негізгі дағдыларын оқып, жеке істерін ашты.

Маңғыстаулық келіндер несімен ерекше?
Қазақстанда Цифрлық комиссарлар тобы құрылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу