Ақтаулық альбинос қыздардың тағдыры(видео)

Oinet.kz 25-09-2019 2355

Screenshot_7.jpg

Өзгелерден ерекше  ақтаулық альбинос қыздар болмысы үшін қиналған, бүгінде фотомодель болып қызмет етіп жүр, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі "Бір сұрақ" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Айман Сарқытова үлкен қызы альбинос болып туылғанда туыс-туғандардың барлығы таңқалғанын жасырмайды. Ал қыздарының басқа балалардан  сыртқы келбетінен бөлек қандай да бір айырмашылығы бар ма деп жүргізуші Ғалым Кәлмен сұрағанда: 

"Басқа балалардан ешқандай айырмашылығы жоқ. Тек далаға шыққанда күнге қарай алмай қиналады. Күннің сәулесіне шыдамайды. Терілері өте сезімтал болғандықтан күнге күюге болмайды. Сосын көру қабілеті төмен", - деді анасы.  

"Басында көшеден көргенде адамдар "сіздің қызыңыз ба, әкесі қазақ па, орыс па деп сұрап жататын. Сол кезде кейіп, ренжитінмін. Түрі қазақ қой, неге олай сұрайды екен деп", - алғашында адамдар тарапынан түсініспеушілік болғанын айтқан анасы үлкен қызының сырт сөзден көп қиналғанын тілге тиек етті.. 

Видео сілтемесі

"Әсіресе үлкен қызымыз қатты қиналды. Кішкентай кезінде есік алдында ойнауға шыққанда үйге жылап қайтып келетін. "Мені елес,  кемпір деп мазақтады" деп ренжейтін. Кіштентай бала болған соң түсінбейді ғой. Сол сөздерге көңіл күйі болмай жүретін", - деген анасы қызының мектепке барғанша осылай қиналғанын, кейін мектепте жақсы қабылдағанын айтады. 

«Томирис» фильмін түсіруге 2 млрд 259 млн теңге жұмсалды
Елімізде сот қызметкерлерінің штаттық саны артады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу