Қазақстанда мекен-жай анықтамасы берілмейтін болды

Oinet.kz 30-09-2019 1878

Картинки по запросу Мекен жай анықтамасы

Қағазбастылыққа жол бермес үшін әрі уақытты үнемдеу үшін мекен-жай туралы анықтама енді сұралмайды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жыл сайын құжаттар алу үшін, жеңілдіктер мен жәрдемақыларды тіркету және басқа да мақсатта мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сұратуымен тұрғындар 10 миллионнан астам мекенжай анықтамасын алады. Жұмысқа орналасу кезінде, мектептерге, балабақшаға, емханаға, банктерге және тағы басқа кезге де деп анықтама алу үшін қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталығының, мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырып, үнемі кезек күтуге мәжбүр. Ішкі істер министрлігі өзінің мәліметтер базасын басқа мемлекеттік органдармен біріктірді, бұл халыққа мемлекеттік қызмет көрсету тетігін жетілдіріп, қызметті оңай етті. Атап айтқанда, мекен-жай анықтамаларын беру процесі мүлде алынып тасталды, өйткені бұл деректер барлық мемлекеттік органдардың мәліметтер базасында бар, - деді ҚР ішкі істер министрлігі

10 мыңнан астам адамды қонақ еткен той иелері Гиннестер рекордына енді
Грузияда қарсыластарын жеңген қазақстандық футболистер тепкінің астында қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу