Алматылық жолаушы қоғамдық көлік жүргізушісін пышақтады

Oinet.kz 30-09-2019 883

image.png

Алматы қаласында қоғамдық көлігінде жолаушы автобус жүргізушісіне пышақ сұғып алды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушымен ерегісіп қалған. Салдарынан 28 жастағы автобус жүргізушісі пышақ жарақатын алды. Ол медициналық мекемеге жеткізілді. Тексерістен кейін үйіне жіберілді. Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркелді. Қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және оны ұстау бойынша жедел және арнайы шаралар кешені жүргізілуде.

Ғалымдардың айтуынша етті жууға болмайды
Нұр-Сұлтанда қыркүйектің соңғы күнінде қар жауды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу