Оралда тұрғын үй отқа оранды

Oinet.kz 02-10-2019 825

Оралда Орақбаев көшесі 35-үй 18-пәтер отқа оранды. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 2 қазан сағат 10.43-те Бесінші қабаттағы пәтерде жеке заттар мен жиһаз жанған, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Тілсіз жаудан 40 адам үйден сыртқа шығарылды. Олардың  15-і – балалар.

 Өрт 11.11-де оқшауланып, 11.25-те сөндірілді. Оған 8 адам, 3 техника қатыстырылды. 

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адам анықталу үстінде.


Жаңа мереке - нан күні
Ақордада митингтер туралы заңнаманы жетілдіруге арналған жиналыс өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу