Ақордада митингтер туралы заңнаманы жетілдіруге арналған жиналыс өтті

Oinet.kz 02-10-2019 1055

Картинки по запросу ерлан карин

Мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Қарин Ұлттық кеңестің мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстарды қарастыру Жоспары аясында алғашқы жұмыс жиналысы өткенін айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Митингтер туралы заңнаманы жетілдіру қажеттілігі туралы Президент өз Жолдауында және Ұлттық кеңестің алғашқы отырысындағы сөзінде айтқаны белгілі. Талқылауға Ұлттық кеңестің мүшелері - Мұхтар Тайжан, Жеміс Тұрмағамбетова, Асылбек Қожахметов, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимова қатысты, сонымен бірге талқылауға шақырылған сарапшы, белгілі құқық қорғаушы Евгений Жовтис Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі дайындаған бейбіт жиындар туралы заң жобасының негізгі басымдықтарымен таныстырды. Жиналыстың барлық қатысушылары заңнамада өзгерістер енгізудің кезі келгенін атап өтті. Сонымен қатар, әсіресе, қоғамдық іс-шаралардың формаларын нақты жіктеу - митингiлер, демонстрациялар, пикеттер, бейбіт жиындар өткізуге келісім алу процедурасын жеңілдетуді атап өтті. Жиналыстың қорытындысы бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне барлық ұсыныстар мен ұстанымдарды жинақтау тапсырылды" - деді Ерлан Қарин.

Ерлан Кариннің айтуынша, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстарының экономикалық блогы бойынша жиналыс өтетінін атап өтті. 

"Басқаша айтқанда, Ұлттық кеңестің ішіндегі жұмыс жаңа кезеңге өтті. Ол – әр ұсынысты мұқият қарастырып, пысықтау" - деді Президент кеңесшісі.

Оралда тұрғын үй отқа оранды
Мысығының ернін үлкейткісі келген әйел сұлулық салонын жағалап жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу