«Мен ұстазыма алғыс айтамын» челленджі жалғасуда(видео)

Oinet.kz 03-10-2019 2445

Screenshot_3.jpg

Ұлағатты ұстаздар күніне орай Түркістан облысы Түлкібас ауданының Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің түлектері «Мен ұстазыма алғыс айтамын» атты челленджге қатысты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Естеріңізде болса, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен "Мен ұстазыма алғыс айтамын" атты челленджі басталған болатын. 

«Құрметті достар! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен «Мен ұстазыма алғыс айтамын» атты челленджінің басталғандығын хабарлаймыз. Акцияға қатысу үшін желі қолданушылары мұғалімдеріне арнаған құттықтауларын фото немесе видеоға түсіріп, Instagram, Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріне #ұстаздаркүні #поздравьсвоегоучителя #деньучителя хэштегтерімен бірге жүктейді. Акция ұстаздар күніне орай ұйымдастырылып отыр және 6 қазанға дейін жалғасады. Басты мақсат – ұстаздарға кәсіби мереке қарсаңында құрмет көрсету. Челленджге қатысып, эстафетаны достарыңызға таратуға шақырамыз!», - делінген ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында.

Осыған орай, Б.Момышұлы мектебінің бітіруші түлектері #ұстаздаркүні хэштегімен белгіленген эстафетаны Алматы қаласы Жетісу ауданы №8 ЖОМ қабылдап, Түркістан қаласы Ататүрік атындағы №17 мектеп гимназиясы, Жетісай ауданы №32 ЖОМ, Сайрам ауданы Мардан Сапарбаев атындағы №14 ЖОМ және барша Түлкібас ауданының түлектеріне жолдады. 

видео сілтемесі

Қазақстанда білім беру саласының қызметкерлері кәсіби мерекесін жыл сайын қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтеді. Биыл Мұғалімдер күні 7 қазанға сәйкес келуде. 

Нахчыван түркі халықтарының ынтымақтастығына 10 жыл толды
Серік Сәпиев: «Өзінің өмірбаяны негізінде фильм түсірілгенін кім жаман көрсін»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу