Әлия Назарбаева ағаш отырғызды

Oinet.kz 03-10-2019 1633

Әлия Назарбаева эко-сағат өткізді

Қазақстан Экологиялық ұйымдары қауымдастығы төралқасының төрағасы Әлия Назарбаева барлық қоғамдастықты, қоғам қайраткерлері мен бизнес өкілдерін экологиялық сағатқа қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Жас ұрпақты табиғи ресурстарға қамқорлықпен қарауға насихаттауға бағытталған шараны Қазақстан Экологиялық ұйымдары қауымдастығы төралқасының төрағасы Әлия Назарбаева да қолдау көрсетіп, елордадағы №83 мектепке барды.

«Осы сәттен бастап бүкіл елімізде «Эко-сағат» деп аталатын ауқымды жобаның басталғандығын атап өткеніме қуаныштымын. Осы жобаның аясында бізді қоршаған табиғатқа бей-жай қарамайтын адамдармен кездесу ұйымдастыру жоспарланған. Сонымен қатар біз табиғи ресурстарға қамқорлықпен қарауға үндейтін арнайы анимациялық ролик те дайындадық. Оқу жылы бойы экологияға қатысты көптеген әлемдік мерекелер өтеді. Сол себепті мұнан кейінгі экологиялық сағаттарда түрлі бағыттар қарастырылады. Мәселен, күн, жел, су сынды балама энергия көздерін қалай пайдалауға болатындығы төңірегінде өрбиді», - деді Ә.Назарбаева.

Айта кетейік, бүкіл еліміздің мектептерінде өткен экологиялық сағат барысында 200 мыңға жуық ағаш отырғызылды.

Сыбайластыққа жол бермеу – адамның адал болмысын танытады
Алматыда гараж бен автокөлік өртеніп кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу