«Түр-әлпетіне қараймыз»: Еркектер ұрығын тапсыру арқылы қанша ақша таба алады?

Oinet.kz 10-04-2023 1136

Елімізде ер азаматтар ұрығын сата алады. Бірақ оның белгілі бір ережелері бар. Бұл туралы дәрігер, репродуктолог Аяулым Қосетова "Қыздар-ай" бағдарламасында айтты.

Screenshot_16.jpg

"18-35 жас аралығындағы дені сау еркектерден алынады. Алдын-ала тексеріледі. ВИЧ, анализдер, одан өзге уролог мамандар тексереді. Егерде шәуатының көрсеткіші жақсы болған жағдайда ғана донор бола алады. Келген ер азаматтар тек бір немесе екі рет қана тапсырады", - дейді дәрігер.

Маман донор болатындардың сыртқы келбеті ескерілетінін айтты.

"Сыртқы келбетіне міндетті түрде қараймыз. Өте әдемі болуы керек. Бойы, бет-әлпеті, дене бітімі, барлығына қараймыз. Өте қысқа бойлы, сырт келбеті сай келмейтіндерді донорлыққа алмаймыз. Донордың кішкентай кездегі ғана суреті болады. Ал бірақ анкетеда оның бойы, білімі, салмағы тіпті руына дейін жазылып тұрады. Жалпы орталыққа келіп тапсырғаны үшін оған 35-40 мың теңге беріледі", - дейді маман.

Massaget.kz

Сіңлім екеуміз анамызды өлтіріп тындық
Қақпас енем «жақында мәңгілік мекеніне кететін шығар» деген үмітпен өмір сүріп жатырмын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу