Елбасы Назарбаев және ҚР Президенті Тоқаев Головкинді жеңісімен құттықтады

Oinet.kz 06-10-2019 1215

1569675980.jpg

Елбасы Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша бокстан әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан боксшысы бұл жекпе-жекте тағы да асқан шеберлік, спортшыға тән мінез бен қажымас қайрат танытқандығын атап өтті. 

«Сенің жарқын жетістіктерің Қазақстан жанкүйерлеріне қуаныш сыйлап елімізде спортты одан әрі дәріптеуге септігін тигізіп отыр. Саған мықты денсаулық, бақ-береке және жаңа жетістіктер тілеймін», - делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атануымен құттықтады.

«Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдары үшін болған тартысты бокс алаңындағы тамаша жеңісімен құттықтаймын. Гена өзінің кәсіпқой бокстың хас шебері екенін, жеңіске деген табанды ұмтылысын тағы да дәлелдеді. Қазақстан сені мақтан тұтады. Алға, Гена!» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында. 

Айта кетейік, бүгін Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жек өткізіп, ұпай санымен басым түскен еді.

Әлия Назарбаева Қазақстанның үздік мұғаліміне 4 млн теңге табыстады
Тимур Құлыбаев Головкинді әлем чемпионы атанғанымен құттықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу