Тимур Құлыбаев Головкинді әлем чемпионы атанғанымен құттықтады

Oinet.kz 06-10-2019 1001

Screenshot_10.jpg

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің және Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Орта салмақтағы IBF және IBO әлем чемпионы титулдары сарапқа cалынған Сергей Деревянченкомен жекпе-жегіңізді қазақстандық жанкүйерлер тағатсыздана күтті. Сіз бүгін жас спортшыларға үлгі болатын қасиеттерді, атап айтқанда, табандылық пен қайсар мінез, жоғары шеберлікті көрсеттіңіз. Екі дәрежеде әлем чемпионы атағына ие болып, мыңдаған жанкүйеріңізге шабыт сыйладыңыз. Отандық бокс мектебінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдедіңіз. Сізге жаңа жеңістер мен сәттілік тілеймін!», - делінген құттықтау жедел хатында.

Естеріңізге сала кетсек, 6 қазан күні Геннадий Головкин Сергей Деревянченконы ұтып, өзінің кәсіби рингтегі 40-шы жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар, Головкин орта салмақтағы IBF және IBO әлем чемпионы.

Елбасы Назарбаев және ҚР Президенті Тоқаев Головкинді жеңісімен құттықтады
Көкшетаулық оқушы қоштасу хатын жазып, 8-қабаттан секіріп кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу