Қауырсын

Oinet.kz 05-11-2019 1635

Screenshot_12.jpg

Адам ақылмен іс ету керек. Ашуға немесе жоғарыда аталған басқа да эмоцияларға беріліп, ойланбай сөйлеп, өсек пен іріткінің себепшісіне айналмау керек. Өйткені өсек, сөз тасу — адамдармен ара-қатынасты бұзады, сенімнің сарқылуы, отбасы құлдырауы, достықтың әлсіреуі, қоғамдардың араздасып, жанжал шығуы секілді жаман нәтижелерге әкеледі. Сөз тасыған адамға да бұл қылық абырой әкелмейді. Сөз тасуды әдетке айналдырған адам өзгелермен сенімді байланыс құра алмайтын болады. Бұл жаман әдет бара-бара оның мейірім, адамгершілік сезімдерін бәсеңдетеді. Жақындарының одан сескеніп, ара-қатынасты алшақ ұстауына, өсекші деген атқа ілігуіне себеп болады.

Бір ауылда көп сөз таситын, адамдарды шағыстырып жүретін өсекші бір адам бар екен. Бұның өсегінің құрбаны болған бір қарт кісі оған:

— Бұл таратқан өсегің арқылы маған ғана емес, бірнеше адамға зияның тиді, ұялсаң етті, — дейді. Әлгі өсекші:

— Мен бұлай боларын білгенім жоқ, айтқан сөздерімді кері алдым, мені кешіріңізші, — деп жалынады.

— Кері алдым деймісің, шынымен кері алғың келсе, үйіңнен құс қауырсынды жастық алып кел, — дейді. Бұл адам дереу үйіне барып жастық алып келеді. Қарт кісі қалтасынан бәкісін шығарып жастықты осып жібергені сол-ақ еді, ішіндегі құс қауырсындары желмен жан-жаққа шашыла бастайды. Қарт кісі:

— Енді барлық қауырсындарды жина, сонда ғана кешіремін, — дейді. Аузы аңқиған әлгі адам:

— Ақсақал-ау, ұшып, тарап кетті ғой, қалай жинаймын? Қарасаңызшы, ағаштардың, шөптердің арасына, үйлердің қуыстарына дейін кіріп кетті, бұларды жинау мүмкін емес қой, — дейді. Сонда ақсақал:

— Тура сенің айтқан өсегің сияқты жан-жаққа тарап кетті, солай емес пе? Таратқан өсектерің қаншалықты ұзақтарға кеткендігін, кімнің санасында қандай нәтижелерге жол ашқандығын пікірлей алдың ба енді? — деген екен.

— Демек, маған айтатындарыңның рас-өтірігін білмесең, ол жақсы нәрсе болмаса, пайдалы нәрсе болмаса, оны маған не мақсатпен айтпақсың?- деген екен...

Голощекинді ұрған қазақ - Жалау Мыңбайұлы
Қыс келсе керзі етік есіме түседі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу